Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы

Бұл электрондық репозиторий оқу, ғылыми және цифрлық материалдарды жинақтауға, сақтауға және пайдаланушыларға ұсынуға арналған.

  • құжаттарды, кітаптарды, мақалаларды, аудио, видео және деректер жинақтарын оқуға мүмкіндік береді
  • материалдарды жергілікті және халықаралық аудиторияға ашық ұсынуға жағдай жасайды
  • тұрақты сілтемелер мен сенімді идентификаторларды пайдалануға мүмкіндік береді

Recent Submissions

  • Item type:Item,
    Эпос әлемі. Қазақ эпосының типологиясы мен поэтикасы. Т.1
    (Тұран, 2025) Ибраев Шакир
    Көптомдықтың бірінші томында қазақтың батырлық жырларының тарихи поэтикасы әлемдік эпостану тәжірибесі тұрғысынан салыстырмалы аспектіде талданады. Эпостағы уақыт пен кеңістік, дәуір мен дәстүр, тарихи оқиға мен оның көркемдік тұрғыдан игерілуі, сюжет пен мотивтің түрленуі өзара байланыстағы жүйелі құбылыс ретінде қарастырылады. Кітапта халықтың өз тарихына қөзқарасы және оның эпикалық дәстүрмен бейнеленген сипаты тарихи поэтика контексінде зерделенеді.
  • Item type:Item,
    Қазақтың ғұрыптық фольклоры. Т.2
    (Тұран, 2025) Ибраев Шакир
    Көптомдық жинақтың бұл томында қазақ фольклорының теориялық мәселелері, зерттелу тарихы және ғұрыптық жанрлары арнайы қарастырылады. Фольклордың тұтастай сипаттамасы, пәнаралық байланысы, ауызша мәтіннің прагматикалық және коммуникативтік қызметі антропологиялық аспектіде пайымдалады. Сөз бен ғұрып, сөз бен магиялық әрекет, олардың наным-сенімге қатысты өзара байланыстағы функционалдық қызметі тұтастай талданады
  • Item type:Item,
    ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ. Зерттеулер. Т.3
    (Тұран, 2025) Ибраев Шакир
    Бұл томда сан ғасырлық тарихы бар фольклордың жанрлық құрамы, құрылымы, салт-дәстүрге және ғұрыпқа қатысты қызметі, тақырыптық аясы, көркемдік сипаты фольклортану ғылымының қазіргі заманғы жетістіктері тұрғысынан пайымдалады.
  • Item type:Item,
    Түркология және қазақ руханияты. Т.4
    (Тұран, 2025) Ибраев Шакир
    Бұл томда түркология ғылымының өзекті мәселелері, ғылыми парадигмалары, тарихи даму үдерістері, кешенді сипаты арнайы қарастырылады. Сондай-ақ қазақ руханияты, оның ғылыми-мәдени кеңістігінде еңбек еткен тұлғалар жайлы түркологиялық контексте ой бөліседі.
  • Item type:Item,
    Абай феномені. Ғылыми зерттеу. Т.5
    (Тұран, 2025) Ибраев Шакир
    Томда Абайдың ақындығы, шығармашылық құпиясы әдебиеттану ғылымының қазіргі заманғы феноменологиялық аспектілері тұғысынан талданады. Зерттеудің әлеуметтік, философиялық, антропологиялық және психологиялық қырларының көркемдік-эстетикалық ұстанымдармен өрелесуі – Абай поэзиясының көпқабатты сипатын, мәтіндік мәнін, құрылымын жүйелі құбылыс ретінде анықтауға қарай бағытталады.