Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы

Бұл электрондық репозиторий оқу, ғылыми және цифрлық материалдарды жинақтауға, сақтауға және пайдаланушыларға ұсынуға арналған.

  • құжаттарды, кітаптарды, мақалаларды, аудио, видео және деректер жинақтарын оқуға мүмкіндік береді
  • материалдарды жергілікті және халықаралық аудиторияға ашық ұсынуға жағдай жасайды
  • тұрақты сілтемелер мен сенімді идентификаторларды пайдалануға мүмкіндік береді

Recent Submissions

  • Item type:Item,
    Іскерлік қарым қатынас мәдениеті.
    (Әсем баспасы, 2026) Қалтаева С.А.; Баймағанбетов С.Т
    Осы оқу құралының негізгі мақсаты – білім алушыларға іскер адамға тән басты құзыреттіліктің бірі – коммуникативтік құзыреттілікті меңгеруге көмектесу. Оқу құралының мазмұны интегративтік сипатқа ие: онда іскерлік қарым-қатынас риторикасында қабылданған негізгі ұғымдар мен категориялар; іскерлік қарым-қатынастың әртүрлі жанрлары; іскерлік әңгіме мен пікірталасты жүргізудің негіздері; конструктивті іскерлік өзара әрекеттестіктің стратегиялары мен тактикалары; сондай-ақ іскерлік құжаттаманың түрлері және оларды ресімдеу ережелері қарастырылады. Оқу құралының материалы меңгеруге барынша қолайлы түрде жүйеленіп, құрылымдалған.
  • Item type:Item,
    Сөйле десең, сөйлейін. 2 томдық т.2
    (Нұрлы Әлем, 2023) Сердәлі Б.
    Автордың қос томдығында қоғамдық өмірдің түрлі тақырыптарына қалам тербеген тәрбиелік һәм танымдық мәні бар әлеуметтік желілерде жарияланған қысқа жазбалары мен сұхбаттары топтастырылған. Сондай-ақ, замандастары мен достарының жылы пікірлері де осында жинақталып отыр.
  • Item type:Item,
    Сөйле десең, сөйлейін. 2 томдық т.1
    (Нұрлы Әлем, 2023) Сердәлі Б.
    Автордың қос томдығында қоғамдық өмірдің түрлі тақырыптарына қалам тербеген тәрбиелік һәм танымдық мәні бар әлеуметтік желілерде жарияланған қысқа жазбалары мен сұхбаттары топтастырылған. Сондай-ақ, замандастары мен достарының жылы пікірлері де осында жинақталып отыр.
  • Item type:Item,
    Эпос әлемі. Қазақ эпосының типологиясы мен поэтикасы. Т.1
    (Тұран, 2025) Ибраев Шакир
    Көптомдықтың бірінші томында қазақтың батырлық жырларының тарихи поэтикасы әлемдік эпостану тәжірибесі тұрғысынан салыстырмалы аспектіде талданады. Эпостағы уақыт пен кеңістік, дәуір мен дәстүр, тарихи оқиға мен оның көркемдік тұрғыдан игерілуі, сюжет пен мотивтің түрленуі өзара байланыстағы жүйелі құбылыс ретінде қарастырылады. Кітапта халықтың өз тарихына қөзқарасы және оның эпикалық дәстүрмен бейнеленген сипаты тарихи поэтика контексінде зерделенеді.
  • Item type:Item,
    Қазақтың ғұрыптық фольклоры. Т.2
    (Тұран, 2025) Ибраев Шакир
    Көптомдық жинақтың бұл томында қазақ фольклорының теориялық мәселелері, зерттелу тарихы және ғұрыптық жанрлары арнайы қарастырылады. Фольклордың тұтастай сипаттамасы, пәнаралық байланысы, ауызша мәтіннің прагматикалық және коммуникативтік қызметі антропологиялық аспектіде пайымдалады. Сөз бен ғұрып, сөз бен магиялық әрекет, олардың наным-сенімге қатысты өзара байланыстағы функционалдық қызметі тұтастай талданады